Рысқұлов ЖОМ » Материалы за 14.02.2017
Автор: admin от 14-02-2017, 14:02, посмотрело: 792
Хабарландыру!
Құрметті ата – ана сіздерді 24.02.2017ж күні мектебімізде «Ашық есік» күні өтетінін хабарлаймыз, келіңздер көріңздер.
Аутоагрессия алдын алу
Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мәселелер өте көп. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің орын алуы.
Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк-экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап-жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттерге қарқынды бейімделуі көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншектік шақта қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншектік шақта сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Жасөспірімдердің негізгі мәнді өзгерісі - бұл тұлғаның өзіндік дамуы [1].
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің өзіндік дамуының аса маңызды факторы –ауқымды әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады.
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, мұның салдары бала мен ортаның арасындағы қатынастың бұзылуына жетелейді. Жасөспірім өзін ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылады [2].
Ст.Холлдың, Э.Шпрангердің айтқан тұжырымдарын бойынша, жасөспірімдердің даму деңгейі үш түрге бөлінеді:
1) Күрделі өзеру - дағдарыстық уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым-қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке басына ешқандай өзгеріс енгізбей аяқ басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін-өзі қалыптастырады. Өзінің ерік-жігерінің күшімен ішкі дағдарыстары мен күйзелістерін, мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.
Осыған орай, Э. Шпрангердің көзқарасы бойынша жасөспірімдердің ең басты жаңа құрылымы – «өзіндік менінің» ашылуы сияқты рефлексияның пайда болуы, яғни өзінің жеке даралығына саналы түрде көз жеткізіп, тұлғаның өзіндік анықталуы [3].
А.Г.Амбрумованың, Е.М.Врононың, А.В.Боенконың, А.Л.Галиннің, Ц.П.Короленконың, Н.В.Конанчуктың, В.А.Тихоненконың, С.Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған [4,6].
Психика жағынан сау жасөспірімдер арасында тек мінез акцентуация мен психопатиялық мінез ерекшелігі бар тұлғалар ғана суицидтік әрекетке әлдеқайда бейім болады.
Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа да себептермен бірлесе психологиялық қауырттылықты күшейтетін жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса жеткіліксіз жағдайда. Осағын орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуынан эмоциялық (жеткіліксіз эмоциялық зерттеу, депрессиялық жағдай), когнитивті (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпараттарды бағалау; руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың реттеуші қызметтерінің бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы) бұзылуымен түсіндіріледі.
Жасөспірім өзінің «есейгендігін» көрсетуге деген қажеттілігін фрустрациялау, өзіндік сана сезімнің дамуы барысында «Мен-тұжырымдамасаның» жағымсыз қалыптасуы, өзін-өзі жек көру, өзіне деген жағымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау жене өзін-өзі кемсіту сияқты әрекеттер жасерекшелік дағдарыстың патологиялық барысын детерминациялайды, яғни бұл суицидтік әрекеттің пайда болу қауіптілігінің елеулі факторы болып табылады. Жасерекшелік дағдарыстық патологиялық барысы алаңдау, мазасыздану, үрейлену, психозақымдаушы жағдайларға фиксациялану, өзіндік дәрменсіздік, күйзелу, жалғыздық, үмітсіздік, өзіндік тұлғаны пессимистік бағалау, болашақ өмірді және өзекті мәселені, яғни болашақты жоспарлау қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталатын дағдарыстық ахуалдардың пайда болуына жетелейді.
Категория: Ата-аналарға
Автор: admin от 14-02-2017, 10:20, посмотрело: 673
Заманауи жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып,
өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру
Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі
Оқушылардың құқықтары:
1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
Оқушылардың міндеттері:
1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
Ұбт 2017 жаңа формасы
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы толық мәлімет.
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес
пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл,
алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және
оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен
өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары
1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);
Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді
Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде өткізіледі.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
ТАЛАПКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (ТКТ)
Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.
ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.
Тестілеу уақыты - 100 минут.
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау - 10 наурыз - 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен 23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.
Қазірге дейін мамандықтарға сай нақтыланған таңдау пәндері:
Сонымен ҰБТ-2017-да болатын кейбір мамандықтар мен таңдау пәндері мынадай (мамандықтар бойынша толық ақпарат алған кезде жедел түрде жариялайтын боламыз):
Гуманитарлық ғылымдар:
"5В020100 – Философия” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
"5В020200 – Халықаралық қатынастар” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
"5В020300 – Тарих” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
"5В020400 – Мәдениеттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
"5В020500 – Филология” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Тарих
"5В020600 – Дінтану” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
"5В020800 – Археология және этнология” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
"5В020900 – Шығыстану” мамандығы, таңдау пәндері
Категория: Оқушыларға
Автор: admin от 14-02-2017, 04:57, посмотрело: 716
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы Халыққа жлдауы.
Мектебімізде 2017 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралыңында, Қамқорлық күні өткізіліп мектепте тұрмыс
Табиғат және қоршаған орта
Табиғатты қорғау – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай Т. қ-ды мемл. реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы дамыған елдерде тұрақты мемл. реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің экол. зардаптарын реттеу мен бақылаудың құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімш. тарапынан осы салада ғыл.-зерт. және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары құрылған кезден басталды. 1970 – 80 жылдардың тоғысында әкімш. бақылау құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту, жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның экол. жағынан сертификатталуын талап ету, т.б.) тікелей және жанама түрде экон. реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экон. ынталандыру шараларында экол. жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары қамтылады. Оларға басқа да тең жағдайлармен қатар мемл. сатып алу бағдарламасын іске асыру, келісімшарттарды орналастыру және сауда-саттық жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің "тазалық" деңгейіне қарай сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экол. мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен Т. қ-ды мемл. реттеу "таза” өнім мен технологияларға деген сұраныс қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді.
Ғыл.-тех. төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресурстарды үнемдеу мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан дамыған елдерде осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық мемлекет нарығы, қоғамдық ин-ттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген халықар. экон. байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты экол. келісімдер жасасу табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптарға жол бермеу, биол. алуан түрлілікті сақтау, т.б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді.
Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі мен қызметінің және еліміздің әлеум.-экон. дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару жүйесінің өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан жерінде экол. қасірет аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа да жасырын әскери сынақ орындары, Арал т-нің суалуы сияқты экол. апат аймақтары қазақ халқының өмірі мен денсаулығына, тіршілігіне қатерлі қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттеліп, экол. саясаттың негізгі жалпы ұстанымдары конституцияда тұжырымдалды (38-бап). "Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңы (15.7. 1997) қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құ-қықтық, экон. және әлеум. негіздері мен экол. қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экон. тетіктері айқындалды. Сондай-ақ мемлекетімізде табиғатты пайдаланудың түрлі бағыттары бойынша экол. бағдарламалар әзірленді.
Категория: Мектеп дәстүрі
Автор: admin от 14-02-2017, 04:27, посмотрело: 1419
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Категория: Мектеп