Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата - аналарға

Автор: admin от 14-02-2017, 14:02, посмотрело: 792

0

Ата - аналарға

Хабарландыру!

Құрметті ата – ана сіздерді 24.02.2017ж   күні  мектебімізде «Ашық есік» күні өтетінін хабарлаймыз, келіңздер көріңздер.


Ата - аналарға

 


                

Аутоагрессия алдын алу

Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мәселелер өте көп. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің орын алуы.

Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк-экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап-жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттерге қарқынды бейімделуі көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншектік шақта қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншектік шақта сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Жасөспірімдердің  негізгі мәнді өзгерісі - бұл тұлғаның өзіндік дамуы [1].

Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің өзіндік дамуының аса маңызды факторы –ауқымды әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, мұның салдары бала мен ортаның арасындағы қатынастың бұзылуына жетелейді. Жасөспірім өзін ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылады [2].

Ст.Холлдың, Э.Шпрангердің айтқан тұжырымдарын бойынша, жасөспірімдердің даму деңгейі үш түрге бөлінеді:

 1) Күрделі өзеру - дағдарыстық уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым-қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

 2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке басына ешқандай өзгеріс енгізбей аяқ басумен сипатталады.

 3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін-өзі қалыптастырады. Өзінің ерік-жігерінің күшімен ішкі дағдарыстары мен күйзелістерін, мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән.

Осыған орай, Э. Шпрангердің көзқарасы  бойынша жасөспірімдердің ең басты жаңа құрылымы – «өзіндік менінің» ашылуы сияқты рефлексияның пайда болуы, яғни  өзінің жеке даралығына саналы түрде көз жеткізіп, тұлғаның өзіндік анықталуы [3].

А.Г.Амбрумованың, Е.М.Врононың, А.В.Боенконың, А.Л.Галиннің, Ц.П.Короленконың, Н.В.Конанчуктың, В.А.Тихоненконың, С.Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған [4,6].

Психика жағынан сау жасөспірімдер арасында тек мінез акцентуация мен психопатиялық мінез ерекшелігі бар тұлғалар ғана суицидтік әрекетке әлдеқайда бейім болады.

Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа да себептермен бірлесе психологиялық қауырттылықты күшейтетін жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса жеткіліксіз жағдайда. Осағын орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуынан эмоциялық (жеткіліксіз эмоциялық зерттеу, депрессиялық жағдай), когнитивті (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпараттарды бағалау; руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың реттеуші қызметтерінің бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы) бұзылуымен түсіндіріледі.

Жасөспірім өзінің «есейгендігін» көрсетуге деген қажеттілігін фрустрациялау, өзіндік сана сезімнің дамуы барысында «Мен-тұжырымдамасаның» жағымсыз қалыптасуы, өзін-өзі жек көру, өзіне деген жағымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау жене өзін-өзі кемсіту сияқты әрекеттер жасерекшелік дағдарыстың патологиялық барысын детерминациялайды, яғни бұл суицидтік әрекеттің пайда болу қауіптілігінің елеулі факторы болып табылады. Жасерекшелік дағдарыстық патологиялық барысы алаңдау, мазасыздану, үрейлену, психозақымдаушы жағдайларға фиксациялану, өзіндік дәрменсіздік, күйзелу, жалғыздық, үмітсіздік, өзіндік тұлғаны пессимистік бағалау, болашақ өмірді және өзекті мәселені, яғни болашақты жоспарлау қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталатын дағдарыстық ахуалдардың пайда болуына жетелейді.

Дағдарыстық ахуалдардың дамуы әлеуметтік-психологиялық дезбейімділіктің пайда болуына жетелейді. Дезбейімдеушілік жағдайлар жасөспірімдер арасындағы суицидті қоздырады, олар: психоэмоционалдық күйзелістерге деген төзімділіктің төмендеуі, ерекше интеллект (максимализм, өзгеше пайымдаулар, пікірлер, үзілді-кесілді ойлар), коммуникативті қабілеттердің жеткіліксіз дамуы, өзіне-өзі жағымсыз баға беру, дамымаған сындарлы копинг-стратегиялар және психологиялық қорғану, өмірдің құндылықтарын шала түсіну және т.б. Сонымен, әрекеттік девиациялардан көрініс табатын жасерекшелік дағдарыстан деструктивті шығудың жолы бірден-бір жолы - суицидтік әрекетке жетелейді. Туған-туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, салбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы  суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әлі де болса, есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады. 

Ата - аналарға

 


Категория: Ата-аналарға