Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Оқушыларға

Автор: admin от 14-02-2017, 10:20, посмотрело: 673

1

Заманауи жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып,

өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру

 

Оқушыларға

 

 Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс - тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.

 

 


Ұстаз пән мұғалімі ретінде осынау жаһандану заманында қай технологияны, қандай әдіс - тәсілдерді таңдаса да өз еркі. Ал мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде әрбір сабағымда қандай озық технологияны игерсем де, қандай да бір әдіс - тәсілдерді қолдансам да ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыру үшін таптырмайтын қарапайым әдіс - тәсіл деп білемін. Туған тілін, жерін, салт - дәстүрін, тарихын сүйе білген оқушы білімге іңкәр, жақсылыққа құмар, жүрегі кең, жаны жайсаң, шешендік өткір тілмен сөйлей алатын, ойын ашық жеткізетін, жеке тұлға ретінде қалыптасқан азамат болары сөзсіз.

Ал қоғам бізге тап қазір, жаһандану заманында, жан - жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүстірін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен әдебиетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.[2] Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай - ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орны ерекше.

Қазіргі жаһандану заманындағы оқытудың мақсаты – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет - ғұрпымыздың, салт - дәстүріміздің сан қырлылығын игеру, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру, ұлттық сана - сезімін ояту, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру болып айқындалады. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалім әдебиеттегі көркем мәтінді ұлттық құндылықтармен өзектестіре оқыта отырып, оқушының жан - жақты қабілеттерін дамыта алады.
 
                                       
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс - тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, біз бүгін «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір - біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.:
1. Қызығушылығын ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян - қолтық қарым - қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек.[1] Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір - бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
3. Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір - бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ - білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір - біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады. Сондықтан ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір - бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру». 
Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл - ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек.

 

 

Оқушыларға

  

Оқушыларға

 

Оқушыларға

 Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

 

 

Оқушылардың құқықтары:

1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен  курстарын таңдауға;

3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

 

Оқушылардың міндеттері:

 

1. Әрбір адамның ар мен  намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2. Оқуға арналған уақытты  толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

- үлкендерді құрметтеу;

- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.

8. Үлкенге -  құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

 

Оқушыларға

 

Ұбт 2017 жаңа формасы

Оқушыларға

 

Оқушыларға

 Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы толық мәлімет.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және

оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

 

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде  өткізіледі.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

 

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (ТКТ)

Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.

ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.

Тестілеу уақыты  - 100 минут.

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    - 10 наурыз - 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен       23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.

 

Қазірге дейін мамандықтарға сай нақтыланған таңдау пәндері:

Сонымен ҰБТ-2017-да болатын кейбір мамандықтар мен таңдау пәндері мынадай (мамандықтар бойынша толық ақпарат алған кезде жедел түрде жариялайтын боламыз):

Гуманитарлық ғылымдар:

"5В020100 – Философия” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

"5В020200 – Халықаралық қатынастар” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

"5В020300 – Тарих” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

"5В020400 – Мәдениеттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

"5В020500 – Филология” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Тарих

"5В020600 – Дінтану” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан

"5В020800 – Археология және этнология” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

"5В020900 – Шығыстану” мамандығы, таңдау пәндері

Категория: Оқушыларға