«Мемлекеттік рәміздер –
бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің
қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4
маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан
Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер –
бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның
ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту,
Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында
ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және
ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс
аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты
пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді
жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың,
уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан»
деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков
пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің
Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің
Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет
басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші
Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мекеменің атауы: «Т.Рысқұлов
атындағы № 17 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Заңды мекен жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Жаңа ауыл» ауылдық
округі, «Ынтымақ» елді мекені, Астана көшесі
тел. 5 - 86 – 27, 5 –
86 – 25.
Меншік түрі:мемлекеттік
Мектеп 1957 жылы ашылған. Үш корпусты, 640 орынға
арналған ыңғайластырылған мектеп. Бірінші корпусы 1 қабатты, 1957 жылы іске
түскен, 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен, 2 корпус 2 қабатты ғимарат, 1976
жылы іске берілген, 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, 3 косалқы ғимарат 1
қабатты, 2002 жылы іске қосылған.
Қазіргі таңда мектепте 163 мұғалім өз мамандықтары бойынша қызмет атқарады және мектебімізде 0 мен 11 сынып аралығында 1622 оқушы 1 мен 11 сынып аралығында 1450 оқушы білім алуда.
Мектебіміздің басшысы директордың міндетін уақытша атқарушы Жусипбекова Ләззат.
№17 Т.Рысқұлов ЖОМ
Тұрар Рысқұлов(26 желтоқсан1894,Жетісу облысы,Верныйуезі ШығысТалғарболысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері.
Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің
озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргіОңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы)Верныйуезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа
қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі
батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш
алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына
алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың
атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер
аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының
қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас
мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный
қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты
шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның
алдынан тағы да шығады.1910жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл
шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны1914жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы
бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы
орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі,
бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ»,
– деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов1915жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына
түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды.
Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да,
оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатарТашкентқаласының іргесіндегіКрасноводсктәжірибе алаңында бағбан болып істеді.1916жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық
көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап,Әулиеата уезіндегіМеркі ауылынааттанды. Ол Меркіге келген кезде халық
ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын.
Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп,
саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша
әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып
жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғыАқпан төңкерісіненкейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда
«Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП
құрамына мүше болып қабылданды.
Мектебімізде жоғарғы І-деңгейлік оқуға барып келген ұстаздарымыз мектептің жас мамандарына коучинг сабақтарын өтуде
EXPO-2017Астана
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру
туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер
бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде
Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің
республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы
науқанына ресми түрде кірісті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер
бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы
болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы
бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан
жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына
кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы»
деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің
жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103
ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын
болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.
Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең
үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия
көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік
береді.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын
технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты
серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер
объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын
болады.
ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің
түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ.
Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де
ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017
Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа
қол қойды.
2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені
құрылысын бастап берді.
Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл
және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме
аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар,
ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы
ауданы – 174 гектар.
Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары
қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM
эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі.
Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге
ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына
мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.