» Материалы за 10.05.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

Автор: admin от 10-05-2016, 08:00, посмотрело: 1811

0

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

Мектеп туралы қысқаша мәлімет

  

      Мекеменің атауы:  «Т.Рысқұлов атындағы № 17 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
      Заңды мекен жайы: Оңтүстік Қазақстан  облысы, Мақтарал ауданы, «Жаңа ауыл» ауылдық округі, «Ынтымақ» елді мекені, Астана көшесі
тел. 5  - 86 – 27, 5 – 86 – 25.
 
      Меншік түрі:мемлекеттік
 
     Мектеп 1957  жылы ашылған. Үш корпусты, 640 орынға арналған ыңғайластырылған мектеп. Бірінші корпусы 1 қабатты, 1957 жылы іске түскен, 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен, 2 корпус 2 қабатты ғимарат, 1976 жылы іске берілген, 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, 3 косалқы ғимарат 1 қабатты, 2002 жылы іске қосылған.

     Қазіргі таңда мектепте 163 мұғалім өз мамандықтары бойынша қызмет атқарады және мектебімізде 0 мен 11 сынып аралығында 1622 оқушы 1 мен 11 сынып аралығында 1450 оқушы білім алуда.

Мектебіміздің басшысы директордың міндетін уақытша атқарушы Жусипбекова Ләззат. 

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

 

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

  

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

  

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ 

         Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкентқаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.


№17 Т.Рысқұлов ЖОМ 

Мектебімізде жоғарғы І-деңгейлік оқуға барып келген ұстаздарымыз
мектептің жас мамандарына коучинг сабақтарын өтуде

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

 

№17 Т.Рысқұлов ЖОМ

EXPO-2017 Астана

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.   

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

                      

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады.

ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне  таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.

Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар.

Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі. 

Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.

 

 

Категория: Мектеп